%J International Conference of Integrated Science; Vol. 1 No. 3 (2026): International Conference of Integrated Science; 37-40 %L arxiv5898 %T ҰСТАЗДЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМДЫ ҰШТАСТЫРҒАН ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР %I International Conference of Integrated Science %A Кощанова Гулаш Рахметовна %D 2026 %X Қай кезеңде, қай қоғамда болсын елдің рухани тұтастығын сақтап, зияткерлік әлеуетін нығайтатын, ұлттың болашақ бағдарын айқындайтын дара тұлғалар болады. Олар уақыттың ағымына ілесіп қана қоймай, қоғамдық дамудың терең заңдылықтарын зерделей отырып, келешектің келбетін болжай алатын, ойы кемел, танымы биік, білім мен ізгілікті ұрпақ санасына жүйелі түрде дарыта білетін рухани көшбасшылар. Осындай сирек жаратылған, кәсіби білігі мен адамгершілік болмысы үйлесім тапқан көрнекті ғалым-педагогтардың қатарында отандық жоғары білім беру кеңістігінде өзіндік ғылыми-педагогикалық мектебін қалыптастырған, шетел тілдерін оқыту әдістемесінің дамуына сүбелі үлес қосқан Райхан Озгамбаева Өмірзаковнаның есімі ерекше ілтипатпен аталады.