%L arxiv5897 %A Нағбду Қамарова %J International Conference of Integrated Science; Vol. 1 No. 3 (2026): International Conference of Integrated Science; 31-36 %T ТІЛ БІЛІМІНІҢ БІЛГІРІ %D 2026 %I International Conference of Integrated Science %X Тіл білімі ғылымында Бибайша Ілиясқызын ғалым ретінде танымайтын адам жоқ шығар. Қазақ тілінің қазынасын бүкіл болмысына сіңіріп, киесін сезінген, тумысынан қабілетті, сөзді өнер деп ұққан ата-бабамыздың асыл қасиетін дарытқан әріптесіміз – білікті ғалым, ұлағатты ұстаз, тәжірибелі тәлімгер, қадірлі әріптес, сыйлас замандас, аяулы жар, абзал ана, асыл әже.