<mods:mods version="3.3" xsi:schemaLocation="http://www.loc.gov/mods/v3 http://www.loc.gov/standards/mods/v3/mods-3-3.xsd" xmlns:mods="http://www.loc.gov/mods/v3" xmlns:xsi="http://www.w3.org/2001/XMLSchema-instance"><mods:titleInfo><mods:title>ШЕРАБАД ДАСТАНШЫЛЫҚ МЕКТЕБІ: ТАРИХЫ,  ДӘСТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ</mods:title></mods:titleInfo><mods:name type="personal"><mods:namePart type="given">Шарип</mods:namePart><mods:namePart type="family">Амантай</mods:namePart><mods:role><mods:roleTerm type="text">author</mods:roleTerm></mods:role></mods:name><mods:abstract>Бұл мақалада өзбек халқының ауызша поэтикалық шығармашылығының ең маңызды әрі өміршең дәстүрлерінің бірі – Шерабад дастаншылық (эпикалық) мектебінің қалыптасу тарихы мен даму үдерісі қарастырылады. Автор мектепті ғылыми зерттеу кезеңдерін 1920-жылдардағы алғашқы экспедициялардан бастап, бүгінгі заманауи далалық зерттеулерге дейінгі аралықты қамти отырып талдайды. 1950-жылдардағы идеологиялық қысым кезеңіне, атап айтқанда, «Алпамыс» эпосы мен бақшылық өнер ресми түрде айыпталып, фольклортану ғылымында уақытша тоқырауға әкелген тұстарына ерекше назар аударылады. Жұмыста домбыраның сүйемелдеуімен орындалатын, архаикалық көмеймен жырлау (bo‘g‘iq) мәнеріне тән шерабадтық орындаушылық мектептің бірегейлігі айқындалады. Зерттеу 2023 жылы Термез қаласы мен Байсын түменіне жасалған ғылыми іссапар мәліметтеріне негізделген. Іссапар барысында автор аталған мектеп өкілдерімен, соның&amp;nbsp;ішінде «Өзбекстан Республикасының халық бақшысы» атағының иегерлерімен сұхбат жүргізіп, сауалнама алған. Сауалнама мәліметтерін талдау нәтижесінде аңызға айналған Шерназар Бекназароғлынан бастап бүгінгі шеберлерге дейінгі «ұстаз – шәкірт» және «әке – бала» қағидаты бойынша ұрпақтар сабақтастығын қадағалауға мүмкіндік туды. Сонымен қатар, мақалада репертуар мәселелері, мектептің таралу географиясы (Сұрхандария, Қашқадария облыстары, Тәжікстанның оңтүстігі мен Ауғанстанның солтүстігі) және ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасын сақтаудағы мамандандырылған бақшылар мектебінің рөлі баяндалады. Шерабад мектебі қазіргі білім беру және әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделе отырып, өзінің өміршеңдігін сақтап келеді деген қорытынды жасалады.&amp;nbsp;</mods:abstract><mods:originInfo><mods:dateIssued encoding="iso8601">2026-04-10</mods:dateIssued></mods:originInfo><mods:originInfo><mods:publisher>Conferences</mods:publisher></mods:originInfo><mods:genre>Article</mods:genre></mods:mods>