%K Ташкент кезеңі; М. Әуезов; Орта Азия мемлекеттік университеті (САГУ); түркі әдеби байланыстары; Абдулла Қадыри; «Манас» эпосы; «Көксерек»; өзбек әдебиеті; естелік-дерек; репрессия; рухани дәнекер; ортақ түркі мұрасы %J Conferences; Vol. 2 No. 5 (2026): Turkiy xalqlar folklorining qiyosiy tadqiqi: lokal xususiyatlar va ilmiy nazariy yondashuvlar; 134-144 %T М.ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ АБДУЛЛА ҚАДЫРИ %I Conferences %A Г.Ж.Пірәлі %X Мақалада Мұхтар Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қалыптасуындағы Ташкент кезеңінің тарихи-маңызды орны қарастырылады. Автор М.Әуезовтің Орта Азия мемлекеттік университетіндегі (САГУ) білім-ғылым, қоғамдықәдеби ортаға белсене араласуы арқылы түркі тілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетін түпнұсқадан танып, кең өрісті ғылыми-шығармашылық байланыс орнатқанын нақты деректермен сипаттайды. Зерттеуде жазушының қырғыз эпосы «Манасты» жанрлық тұрғыдан зерттеуі, алғашқы ғылыми баяндамасы, Ташкентте жазылған «Көксерек» әңгімесі, сондай-ақ түркі халықтары қаламгерлерімен шығармашылық сабақтастығы талданады. Әсіресе Абдулла Қадыри мен М.Әуезов арасындағы рухани жақындық пен әдеби ықпалдастық мәселесі өзбек ғалымдары мен жазушыларының естеліктері негізіндепайымдалып, Әуезовтің түркі әдеби кеңістігіндегі «алтын көпір» ретіндегі мәдени дәнекерлік миссиясы айқындалады. Мақалада кеңестік кезеңдегі саяси қысым, репрессия салдары және әдеби тұлғаларды ақтау үдерісіндегі зиялылар пікірінің маңызы да назарға алынады. %L arxiv5262 %D 2026