%K демонологиялық әңгіме; сенім; қорқыныш; төменгі мифология; түркі дүниетанымы; жын; албасты %J Conferences; Vol. 2 No. 5 (2026): Turkiy xalqlar folklorining qiyosiy tadqiqi: lokal xususiyatlar va ilmiy nazariy yondashuvlar; 409-414 %T ТҮРКІ ДЕМОНОЛОГИЯЛЫҚ ӘҢГІМЕЛЕРІНДЕГІ СЕНІМ МЕН ҚОРҚЫНЫШ ФЕНОМЕНІ %I Conferences %A Алия Улыкпанова %X Мақалада түркі халықтарының демонологиялық әңгімелеріндегі сенім мен қорқыныш феномені дүниетанымдық тұрғыдан қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде қазақ, қалмақ, башқұрт, бурят және басқа түркі халықтарының төменгі мифологияғақатысты прозалық мәтіндері алынды. Демонологиялық әңгімелердегі жын, албасты, шайтан, рух бейнелері тек мифологиялық кейіпкер ретінде емес, халықтың сенім жүйесі мен әлеуметтік реттеу механизмінің құрамдас бөлігі ретінде талданады. Мәтіндердегі дұға, бисмилла айту, тыйым, магиялық әрекет секілді формулалар қорқынышты жеңудің емес, сенім арқылы әлемді түсіндірудің тәсілі ретінде бағаланады. Сонымен қатар тәңірлік дүниетаным мен исламдық түсініктің өзара қабаттасуы айқындалады. Зерттеу нәтижесінде демонологиялық әңгімелердің қорқыныш тудыратын мәтін ғана емес, халықтың моральдық және рухани тұрақтылығын сақтауға бағытталған мәдени модель екені көрсетіледі. %L arxiv5182 %D 2026