%L arxiv2972 %A Оданова Сағира Амангелді қызы %A Молдабаева Карлығаш Ерғазы қызы %J Conferences; Vol. 1 No. 2 (2025): TURKIY XALQLAR ADABIYOTI TADQIQIDA INNOVATSION YONDASHUVLAR; 527-534 %T ГЕНЕРАТИВТІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ДЕҢГЕЙЛЕП ҮЙРЕТУ: SOFT SKILLS ДАМЫТУДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІТ ШЕШІМДЕРІ %D 2025 %K генеративті ЖИ, деңгейлеп оқыту, soft skills, цифрлық педагогика. %I Conferences %X Мақалада Қазақстандағы тілдік білім беруге жасанды интеллект технологияларын енгізу қарастырылады, ерекше назар қазақ тілін оқыту мен ілгерілету мәселесіне аударылады. Зерттеуде Duolingo, Til-Qazyna, ISSAI KAZ-LLM сияқты жаһандық және ұлттық бастамалар талдана отырып, интеллектуалды жүйелердің көптілді оқытуға қалай ықпал ететіні көрсетіледі. Әдіснамалық тұрғыдан зерттеу цифрлық платформаларға, білім беру құралдарына және мемлекеттік құжаттарға жасалған сапалық контент-талдау негізінде жүргізілді. Нәтижелер жасанды интеллекттің жекелендірілген оқытуға, жедел кері байланыс беруге және дербес білім алуды қолдауға мүмкіндік беретінін көрсетті. Мақалада жасанды интеллектті стратегиялық тұрғыдан қолдану тіл саясатын нығайтуға, қазақ тілінің цифрлық кеңістікте орнығуына және студентке бағдарланған инновациялық педагогиканы дамытуға ықпал ететіні тұжырымдалады.