%0 Journal Article %A Сагира Амангелдіқызы, Оданова %D 2025 %F arxiv:2581 %I Hamkor konferensiyalar %J Hamkor konferensiyalar; Vol. 1 No. 20 (2025): «АБАЙ РУХАНИ КАЗЫНАСЫНЫН ТУРКІ ЭЛЕМІНЕ ЭСЕРІ»; 238-248 %K Абай тілі, фонетикалық құбылыстар; әдеби тіл, тілдік ерекшеліктер; көне түркі тілі %T АБАЙ ТІЛІ ЖӘНЕ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНЕ ОРТАҚ ФОНЕТИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР: ТАРИХИ-САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ %U https://arxiv.academicsbook.com/id/eprint/2581/ %X Мақалада Абай шығармаларындағы бүгінгі әдеби тілімізден өзгеше қолданыстар мен тілдік ерекшеліктер фонетикалық айырмашылықтар тұрғысынан қарастырылды. Ақын өлеңдері мен қара сөздеріндегі көне түркі тіліне тән фонетикалық формалар тарихи-салыстырмалы әдіспен зерттеліп көрсетілді.  Зерттеу жұмысында Абай қолданысындағы «ұғлы, түғры, туғралы, түзік, ұлық», т.б. фонетикалық ескіліктер түркі ескерткіштеріндегі деректер негізінде талданды. Олардың ескі қазақ жазба тілі мен қазіргі қазақ тіліне қатыстылығы жайлы тұжырымдар айтылды. Әдеби тілден өзгеше формалардың қолданылуы, кітаби тілдің, яғни шағатайшаның әсері екендігі дәлелденген. Ақын көне түркі тілінің негізгі фонетикалық ерекшеліктерін  ұтымды қолдана білгендігі, өлеңдерінде көбіне оны  ұйқас құрау, буын құру үшін пайдаланса, қара сөздерінде әдейі ескі қазақ жазба тілі үлгісінше қолданғандығы талқыланады