%0 Journal Article %A А.Б., Салқынбай %D 2025 %F arxiv:2566 %I Hamkor konferensiyalar %J Hamkor konferensiyalar; Vol. 1 No. 20 (2025): «АБАЙ РУХАНИ КАЗЫНАСЫНЫН ТУРКІ ЭЛЕМІНЕ ЭСЕРІ»; 134-141 %K Абайдың қара сөзі, жеке тұлға; мінез, «Қайрат», «ақыл-ой»,; «жүрек» үшкілі, авторлық байлам. %T АБАЙДЫҢ АҚЫЛ СӨЗІНДЕГІ ҮШКІЛМЕН ӨЛШЕНГЕН ӨЛШЕМ %U https://arxiv.academicsbook.com/id/eprint/2566/ %X Мақалада Абай Құнанбайұлының «Қайрат», «Ақыл-ой» және «Жүрек» ұғымдарын үшкіл ретінде біріктіре қарастыруының терең мәні талданады. Абай бұл үш ұғымды адам баласының ізгілік жолында жүруіне қажетті рухани құралдар деп сипаттайды. Мәтінде қайраттың ерік-жігер мен күш-қуатты, ақыл-ойдың білім мен ғылымды меңгеру арқылы дұрыс шешім қабылдауға, ал жүректің адамды рухани тазалыққа, мейірімділікке және әділеттілікке жетелеуін көрсетеді. Абай үш ұғымды өзара үйлесімді және толықтыратын принциптер ретінде қарастырып, олардың адам өміріндегі маңыздылығын терең түсіндірген. Мақалада жалпы адами құндылықтар мен моральдық даму зерделеніп, Абайдың үшкіл концепциясы адамның рухани толықтығын қалыптастыруға бағытталған ілімді білдіреді. Абайдың үш ұғымды біріктіруі, олардың бір-бірімен тығыз байланыста және өзара толықтырып отыруы адам баласының рухани және моральдық тұрғыда жетілуіне ықпал етеді. Осылайша, Абайдың философиясында адам жан дүниесінің біртұтастығы мен ізгілікке ұмтылу басты орын алады.