%0 Journal Article %A ТАЛДЫБАЕВА, М.Д. %A ТҰРАРБЕК, М.А. %D 2025 %F arxiv:2349 %I Hamkor konferensiyalar %J Hamkor konferensiyalar; Vol. 1 No. 17 (2025): ABAY VA SHARQ RENESSANSI xalqaro ilmiy-amaliy anjumani; 114-119 %T АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ %U https://arxiv.academicsbook.com/id/eprint/2349/ %X Тәуелсіз елдің болашағын айқындайтын жаңа формациядағы тұлғаны тәрбиелеуде бастау көзін Абай Құнанбайұлының рухани мұрасынан табуға болады. Абай шығармашылығын оқыту – заман талабына сай жаңғырып, қоғам дамуының бағыт-бағдарына бейімделіп келе жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен терең пайым мен тың көзқарасты қажет етеді. Ұлы ойшылдың адам тәрбиесіне қатысты қалдырған өнегелі сөздері – жас ұрпаққа рухани тәрбие беруді мақсат еткен әрбір тұлғаның бағыт-бағдарына сай келеді. Қазіргі таңда жастардың санасына әсер етудің тиімді жолдарын іздеген шақта, тәрбиелік маңызы зор Абайдың асыл мұрасын қайта жаңғырту – маңызды қадам. Абайдың адамгершілікке, өзін-өзі тануға, ішкі жан-дүниені тәрбиелеуге қатысты ойлары – бүгінгі қоғамға да, келешек ұрпаққа да жол көрсететін құнды бағдарлама іспеттес. Сондықтан Абайдың идеяларын жастардың санасына сіңіру, шығармаларының тәрбиелік әлеуетін оқушы өміріне қолдана білу – білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналуда.