relation: https://arxiv.academicsbook.com/id/eprint/2349/ title: АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ creator: ТАЛДЫБАЕВА, М.Д. creator: ТҰРАРБЕК, М.А. description: Тәуелсіз елдің болашағын айқындайтын жаңа формациядағы тұлғаны тәрбиелеуде бастау көзін Абай Құнанбайұлының рухани мұрасынан табуға болады. Абай шығармашылығын оқыту – заман талабына сай жаңғырып, қоғам дамуының бағыт-бағдарына бейімделіп келе жатқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен терең пайым мен тың көзқарасты қажет етеді. Ұлы ойшылдың адам тәрбиесіне қатысты қалдырған өнегелі сөздері – жас ұрпаққа рухани тәрбие беруді мақсат еткен әрбір тұлғаның бағыт-бағдарына сай келеді. Қазіргі таңда жастардың санасына әсер етудің тиімді жолдарын іздеген шақта, тәрбиелік маңызы зор Абайдың асыл мұрасын қайта жаңғырту – маңызды қадам. Абайдың адамгершілікке, өзін-өзі тануға, ішкі жан-дүниені тәрбиелеуге қатысты ойлары – бүгінгі қоғамға да, келешек ұрпаққа да жол көрсететін құнды бағдарлама іспеттес. Сондықтан Абайдың идеяларын жастардың санасына сіңіру, шығармаларының тәрбиелік әлеуетін оқушы өміріне қолдана білу – білім беру жүйесінің өзекті мәселесіне айналуда. publisher: Hamkor konferensiyalar date: 2025-04-25 type: Article type: NonPeerReviewed identifier: ТАЛДЫБАЕВА, М.Д. and ТҰРАРБЕК, М.А. (2025) АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ЖАҢАШЫЛ ӘДІСТЕМЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ. Hamkor konferensiyalar; Vol. 1 No. 17 (2025): ABAY VA SHARQ RENESSANSI xalqaro ilmiy-amaliy anjumani; 114-119. relation: https://academicsbook.com/index.php/konferensiya/article/view/2662