%I Hamkor konferensiyalar %L arxiv2344 %X “Тіл халықтың  ең ұлы байлығы” деген еді көрнекті жазушы М.Шолохов. [1, 3] Тыңдаушы адамға тіл, әрине, сөз арқылы жетеді. Халқымыз “Сөздің көркі – мақал” дейді. Тарихи – әлеуметтік  өмір тәжірибесінен алып, терең де зерделі тұжырым жасап, асылдай қорытып, алмастай шыңдап, айтатын мақал-мәтелдер  мен қанатты сөздер (нақыл сөздерді; қалыпты, орнықты, қалыптасқан  тіркестерді; афоризмдерді; ұтымды, жинақты, образды, айшықты өткір  сөз орамдарын) халық өлшеусіз көп шығарған. Әрбір тіл де  сол тілде сақталып жүрген  сөздің інжу – маржаны да – атам заманнан бері жасап келе жатқан өте көне  мәдениеттердің көзі. Ол халықпен біте қайнасып, бірге жасайды. Сондықтан да ол – ел-жұрт өмірінің  айнасы, табиғи шындықтың өзі. %J Hamkor konferensiyalar; Vol. 1 No. 17 (2025): ABAY VA SHARQ RENESSANSI xalqaro ilmiy-amaliy anjumani; 77-84 %A Ш.П. ҚАРСЫБЕКОВА %T М.ӘУЕЗОВ ТІЛІНДЕГІ ПАРЕМИЯЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАР %D 2025