%0 Journal Article %A ТҰРЫСБЕК, Рақымжан %D 2025 %F arxiv:2039 %I Hamkor konferensiyalar %J Hamkor konferensiyalar; Vol. 1 No. 17 (2025): ABAY VA SHARQ RENESSANSI xalqaro ilmiy-amaliy anjumani; 7-23 %T АБАЙДЫҢ “ҚАРАСӨЗДЕР” ҚАЗЫНАСЫ: АДАМДЫҚ ҺӘМ АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР %U https://arxiv.academicsbook.com/id/eprint/2039/ %X Абайдың шығармашылық қазынасы – байтақ әлем: қайта қарап, оқыған сайын тереңіне тартып, жаңа бағыт, кең өріс, көркемдік кеңістігімен назар аудартады. Хакім Абай бастапқы тұстан-ақ: “...өз сөзім – өзімдікі” дегенді анық айтып, келесі кезекте батыл бағдар ұстап, мақсат-мұраттарын айқындап, осы бағыттағы ұстаным-көзқарастарына мықтап табан тірейді. Көрген-білгенін, таным-тәжірибесін, танып-түстегенін ақыл-көрігінде қорытып, таным өлшемі мен сана сәулесінен  өткізіп, таразыға салады [1.270]. Әсіресе, адам-пенденің жаратылысына, табиғатына таңданысын жасыра алмайды. Өмірін, уақытын босқа өткізу, еңбегін-кәсібін бағаламау, білім-ғылым, тәлім-тәрбие ісіне мән бермеу т.с.с. ақиқатын айтып, бағасын беріп, маңызын ашады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігіне де қапа болады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, жаны жабырқап, көңілі түсіп, іштен тынады. Оның мән-мәнісін былай білдіреді: “...бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айқастық, тартыстық-әурешілдікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық: қылып жүрген ісіміздің бәрінің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік...”. Бұған қоғам, адам, заман, өмір, тұрмыс-тірліктен мың сан дәлел-деректерді тілге тиек етеді. Адам мен оның өміріне, еңбек мұраттарына, дәстүр мен дінге, тұрмыс-тіршілігіне терең мән береді.